Қолым ісіп кетті: Бапи өзін улады деп күдіктенеді

1 450

Коллаж: UlysmediaМәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ауырып қалғанын,  нақты диагноз әлі белгісіз екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ісіп кеткен қолы мен денесіндегі дақтардың суретін жариялады. 


“Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!” - деп жазды ол әлеуметтік желілерде. 

Ол депутат болғалы қазақстандықтарды алаңдататын өткір мәселелерді көтеріп жүр. Әсіресе, “Ескі Қазақстан” өкілдері, оның ішінде Назарбаев әулетін жиі сынайды. 


"Қолымды көрген дәрігер 40 жыл қызметінде мұндай жағдайды алғаш рет кездестіргенін мойындады. Ол бұл уланудың белгісі екенін айтты. Ақпаннан бастап қолым ісіп бастады. Ауру өршіп жатыр. Дәрігерлер әлі нақты диагноз қоя алмады. Осы уақытқа дейін маған аллергияға қарсы дәрі жазып берді. Қазір жағдайы тұрақты", - деген еді депутат.