12 миллион теңге бюджет ақшасын жымқырған балабақша басшысы ұсталды

1 603

Vera.kzТараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы жеке балабақшасы басшылығының 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қаражат мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген.


«Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті істі тергеді», - деп хабарлады прокуратура.


Тараз қаласының №2 соты 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыру, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.