60 жастағы ер адам 10 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

1 690

Алматы облысына қарасты Қарақастек ауылында 10 жастағы қыз баланы зорлаған күдікті ұсталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде кішкентай қыздан жауап алынғаны, қыздың оқиғаның қалай болғанын баяндап бергені туралы ақпарат тарады. Аталған дерекке қатысты облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.


"17-қазанда Жамбыл аудандық полиция бөлімшесінде 2013 жылы туылған кәмелетке толмаған қыз баланға қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.Осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 1963 жылы туған азамат К- анықталып, барлық қажетті шаралар қолданылып, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ПД хабарламада.


Қазіргі уақытта "қамауға алу" бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді.


"Істің тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды", - деді ПД өкілдері.