Әуежайда FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы өртенген

1 500

фото: bes.mediaАлматы қаласының халықаралық әуежайында FlyArystan-ға тиесілі ұшақтан өрт шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 
Air Astana тобы 28 тамыз күні Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағында жоспарлы техникалық жұмыстар кезінде өндірістік оқиға болғанын растады. 
Компанияның мәліметінше, техникалық жұмыстар барысында ұшақтан өрт шыққан.

Жұмыстарды орындау кезінде шағын көлемдегі өрт шықты. Оны әуежайдың жедел қызметтері жедел түрде толықтай сөндірді. Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол ауруханадан шығарылды, – деп мәлімдеді компания.

Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған.
Қазіргі уақытта ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды. Мамандар зақымдану деңгейін бағалап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге кіріскен. Air Astana тобы мен Алматы халықаралық әуежайы болған өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.