Бұрынғы полиция қызметкері өзін-өзі атып өлтірді

1 619

Фото: polisia.kzҚарағанды тұрғыны өз үйінің ауласында өзін атып өлтірген. Жантүршігерлік жағдай 10 маусым күні болған. Алайда ол туралы 12 маусымда ғана белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам балаларды мектеп жанындағы лагерь мен балабақшаға апарып тастап, өзі үйіне келіп атылып өлген. 


Марқұмның бұрын полиция болып қызмет атқарғаны белгілі болды. 

Қарағанды облысының полиция департаменті болған жағдайды растады. 


“10 маусым күні Қарағандыда өз үйінің ауласынан өз қаруынан атылып өлген 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Дерек полицияға тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.