Қызылордада кітапханашылар «Ғарышты бағындырған қыран» атты танымдық сағат өтті

1 511

Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы және Ресей Федерациясының Батыры, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымының докторы, «Экология» Қазақстан халық академиясының академигі Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың - 75 жылдық мерейтойына орай, «Ғарышты бағындырған қыран» атты танымдық сағат кітапхана оқырмандарының қатысуымен өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Қазақтың маңдайына біткен батыр ғарышкер Талғат Мұсабаев – қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышқа үш рет ұшқан ғарышкері. 1994 жылғы маусымның 1-інен қарашаның 4-іне дейін «Союз-ТМ» ғарыш кемесінің борт-инженері ретінде ғарышта болып, 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Осы айтулы мерейтойға арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Кенжебаева Мақпал ұшқыш-ғарышкердің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері туралы және де Талғат Амангелдіұлының жасаған ерліктері туралы материалдарға ерекше тоқталып өтті.Шара барысында «Сейхун» колледжінің бастауыш білім беру педагогикасының әдістеме бөлімінің пән мұғалімі Шырманбаева Ақбота жастарымызға қазақтан шыққан ұшқыштар Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов жайлы ақпараттар айтып, ғарыш әлемі туралы қызықты мәліметтерімен бөлісті. Шараның мақсаты – ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні туралы түсінік беру. Жастарымызға Байқоңыр ғарыш аймағы мен ғарыш саласы туралы, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкерлерінің қайталанбас ер тұлғасы мен қаһармандық ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.