Ауыр қылмысты жасырған полиция басшысының орынбасары ұсталды

1 352

Фото: gov.kzЖамбыл облысында полиция басшының орынбасары ауыр қылмысты жасырғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу - қылмысты жасыру ретінде қаралды», деп хабарлады бас прокуратура. 

Күдікті ұсталды. Оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.