Ауыр қылмысты жасырған полиция басшысының орынбасары ұсталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жамбыл облысында полиция басшының орынбасары ауыр қылмысты жасырғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті ұсталды. Оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Қаз
Рус






