Көліктер суға батып, кептеліс болды

1 509

Фото: Видеодан скринӨскеменде толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаланың бірқатар көшесін су басты. Қолайсыз ауа райының салдарын тұрғындар әлеуметтік желілерде жариялап жатыр, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі . 

Желіде тараған видеолардан кейбір көшелерді су басып, көліктердің қозғалысы қиындағанын көруге болады. Кейбір жеңіл көліктер жартылай суға батып қалған.

Жекелеген аумақтарда су жаяу жүргіншілер жолына дейін жеткен. Соның салдарынан тұрғындар су басқан жерлермен жүруге мәжбүр болды.

Қатты жауыннан кейін қала көшелерінде көлік кептелісі пайда болып, жүргізушілердің қозғалысы қиындаған.

Әзірге су басудың нақты себептері мен коммуналдық қызметтердің жұмысына қатысты ақпарат нақтыланып жатыр.

Ал Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, су жиналу жағдайы қаланың үш жерінде ғана тіркелген. Олар – Михаэлис көшесі, Ушанов алаңы және Қазақстан көшесінің Балалар базары маңы.

“Қолайсыз ауа райының салдарын жою үшін 5 арнайы техника, 8 мотопомпа және 18 қызметкер жұмылдырылды. Бір сағат ішінде жұмыстар толық аяқталып, шамамен 570 текше метр жаңбыр суы сорылды. Қазір аталған учаскелерде көлік қозғалысы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр”, – делінген жауапта.