Елімізде диплом және басқа да ғылыми жұмыстарды жазуды жарнамалауға тыйым салынбақ

1 398

Фото: pixabay.comҚазақстанда диплом және басқа да ғылыми жұмыстарды жазуды жарнамалауға тыйым салмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Білім саласына қатысты түзетулер қаралған Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Бейсенғалиев елімізде мұндай қызметтердің кеңінен танылғанын айтты.

“Бұл мамандардың сапасы мен дайындығына қатты әсер етеді. Осыған байланысты заң жобасына жарнамаға және мұндай қызметтерді ұсынуға тыйым салатын түзету енгізілді", – деді Бейсенғалиев.

Заң жобасын таныстырған мәжілісмен Асхат Аймағамбетов мұндай тыйымды букмекерлік кеңселер мен вейптерді жарнамалауға тыйым салу үшін қолданылған тетіктер арқылы енгізуге болатынын жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.