Елімізде диплом және басқа да ғылыми жұмыстарды жазуды жарнамалауға тыйым салынбақ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстанда диплом және басқа да ғылыми жұмыстарды жазуды жарнамалауға тыйым салмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Білім саласына қатысты түзетулер қаралған Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Бейсенғалиев елімізде мұндай қызметтердің кеңінен танылғанын айтты.
Заң жобасын таныстырған мәжілісмен Асхат Аймағамбетов мұндай тыйымды букмекерлік кеңселер мен вейптерді жарнамалауға тыйым салу үшін қолданылған тетіктер арқылы енгізуге болатынын жеткізді.
Қаз
Рус






