Жерде жатқан ақшаны алған бала саусақтарынан айырылды

1 673

Фото: Телеграм/ReadovkaРесейде 10 жастағы бала жерде жатқан оралған ақшаны көтермек болған кезде жарылыс болып, ауыр жарақат алды. Оқиға баланың кикбоксинг жаттығуларына бара жатқан сәтінде болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Readovka телеграм каналына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, бала жолда жатқан ақшаны байқап, оны қолына алған кезде жарылғыш зат іске қосылған. Салдарынан оның оң қолының бірнеше саусағы жұлынып кеткен.

Куәгерлер дереу жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, жарылғыш құрылғы 10 рубльдік купюра салынған сыйлық орамының ішіне жасырылған.

Қазіргі уақытта Ресейдің Тергеу комитеті бұл дерек бойынша «Кісі өлтіруге оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп, кешенді сот сараптамалары тағайындалды.