Алматы облысында жүк пойызы 120 қойды басып кетті

168

Фото: polisia.kz

Алматы облысында жүк пойызы 120 қойды басып кетті, деп хабарлайды Opennews.kz аұпарат агенттігі  Stan.kz ке сілтеме жасап.



"Ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні сағат 01.24-те Алматы облысының "Жетіген-Құрөзек" аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдан өтіп бара жатқан бір отар қойды байқап, шұғыл тежегішті басты. Алайда, қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады, соның салдарынан 530 бас қойдың 123-і поезд астына түсіп, өлді. Пойыз 13 минут кідірді", - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.



Оның айтуынша, оқиға орнына Алтынкөл станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетіп, жүргізілген іс-шаралар барысында малдың иесін анықтады. Ол Алматы облысы Туғанбай ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.



"Аталған азамат ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция генерал-майоры.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.