Колледжде мұғалім студентке қару қолданған

1 518

Фото: Видеодан скриншотӘлеуметтік желіде Алматыдағы колледждердің бірінде түсірілген видео қызу талқылануда. Видеода студент басының үстінде нысананы ұстап тұрады, ал оқытушы оған мылтықпен көздеп оқ атпақ болады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.  

Желідегі тараған ақпаратта оқиғаның Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде, алғашқы әскери дайындық (АӘД) сабағы барысында болғаны айтылған.

“Сабақ барысында оқытушы студенттерді мылтықтың нысанасында тұруға мәжбүрлеген. Мұндай әрекеттер оқу үдерісіндегі қауіпсіздік талаптары мен педагогикалық этиканы өрескел бұзу болып есептеледі”, – дейді видео авторлары.


Жағдайға қатысты колледж басшылығы ресми мәлімдеме жасады. 

“Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде сабаққа қатысы жоқ оқиға орын алды. Оқытушының топпен бейресми қарым-қатынасы барысында штаттық оқ-дәрілер қолданылмай, жұмсақ затты (мақта) пайдалану арқылы пневматикалық мылтықтан оқ атылған, ешкімге зиян келтірілмеген. Аталған әрекеттер оқыту әдісі де, жазалау түрі де емес. Колледж әкімшілігі педагогикалық этика мен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды”, – делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.