ӘМСҚ басшысы Әбілқайыр Сқақов 1 миллион 400 мың теңге жалақы алады

1 556

Фото: el.kzБүгін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов БАҚ өкілдерімен кездесуінде өзінің жалақысына қатысты қойылған сауалға жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Тілшілер «Медсақтандыру қорының топ менеджерлері қыруар сыйақы алады» деген ақпарат шыққанын айтып, қорда берілетін сыйақы мөлшерінің қандай екенін сұрады. ӘМСҚ басшысы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. 


Қордың топ менеджерлеріне яғни, басқармадағы құрамға 5 адам кіреді. Олар соңғы үш жылда ешқандай сыйақы алмады және алмайды да. Ал мен және орынбасарларым алған сыйақының ең жоғарғы мөлшері жылына 650-700 мың теңгені құрайды. Директорлар кеңесінің шешімімен сыйақы мөлшері шектелген. Ұжым алатын сыйақылар қызметкерлердің KPI-мен бекітілген. Қолыма ай сайын 1 миллион 400 мың теңге түседі.  – деді қор басшысы Әбілқайыр Сқақов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.