ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА

1 393

Фото: pixabay.comБүгінде Тереңөзек кентінің аумағы кеңейіп, халық саны да артып келеді. Осыған байланысты, автокөлік және жаяу жүргіншілер жолын салуға деген қажеттілік те өсуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Биылғы жылы кентте көшелерді орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, аудан орталығында ұзындығы 8000 метрді құрайтын Қ.Бөдеев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Жолдың құрылысын «Ақтоған» ЖШС жүргізіп, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айына дейін жалғасады деп жоспарлаған.

Жолдың жөнделгені, жаяу жүргінші жолдарының салынуы жасөспірімдердің білім ордасына, тұрғындардың жұмыс орны мен қажетті орталықтарға қатынауына қолайлы жағдай қалыптастырады. 

Осы ретте, тұрғындардың ұсынысы ретінде қолға алынған құрылыс жұмыстарына кент тұрғындары риясыз көңілін білдіруде.

Айта кету керек, биылғы жылы Тереңөзек кенті бойынша бұдан бөлек 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарлануда. Оның ішінде, Д.Қонаев атындағы көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, Жеңістің 50 жылдығы, Алшынбаев, Құттыбаев, Қазақ көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысы басталады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.