Қоғамдық көліктерде жолақысы – 100 теңгеге, ал қолма-қол төлем 200 теңгеге өспек

831

Алматы қаласында қоғамдық көлікпен жүру құны 80 теңгеден 100 теңгеге, ал қолма-қол төлемдер 200 теңгеге өспек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл ұсыныстар Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасында жоспарланып отыр. Мұнда енді жолаушылар жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе ұялы қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз 100 теңгеден төлейді.


Ал қолма-қол ақшамен төлем құны 200 теңге болмақ (қазір 150 теңге).


Бұған дейін қала басшысы Ерболат Досаев Алматыда жолақыны күзге қарай көтеруді ұсынған болатын. Оның сөзінше, қалада жолақы 12 жылдан бері өзгермеген.


Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 21 шілдеге дейін жоспарланған.