Алматыда ер адам досының 11 жастағы қызын зорламақ болған

379

Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған 37 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Фото: pixabay

Туыстарымен жанжалдасып, досының үйіне түнеуге келген М. есімді азамат барлығы ұйықтап кеткен соң, арғы бөлмедегі досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған. Бала айғайлай бастағанда оның әкесі мен ағасы жүгіріп келіп, бірден полиция шақырған. 
Бұл күдіктіні қылмыс орнында ұстауға мүмкіндік берді, ол уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Ер адам ҚР ҚК-нің 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі "зорлауға оқталу” бойынша қылмыс жасады деп айыпталды.

Алатау аудандық соты күдіктіні 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарды.