Министр Қазақстанның ластану деңгейі жоғары 10 қаласын атады
453
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанның ластану деңгейі жоғары 10 қаласын атады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі .
"Атмосфералық ауа мониторингіне сәйкес, 45 өнеркәсіптік қаланың 10-ы атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары", - деді министр Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, жоғары ластанудың себептері - жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазарту қондырғылары жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен қайта құру жұмыстарының жүргізілмеуі, көмір пайдалану.
"Қалдықтармен жұмыс істеу саласында ҚТҚ полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сай болмауы, ҚТҚ өңдеудің төмен деңгейі және апатты қоқыс тастайтын жерлер өткір проблема болып отыр", - деді Брекешев.
Тағы да оқыңыздар
"Құлап жатыр"
367