Газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті

1 518

Фото:© PixabayПавлодар облысында жеке тұрғын үйде газ баллонының жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

2026 жылғы 6 сәуірде Ақсу қаласында жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасының тұтануынан өрт шықты. 

"Жамбыл көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін өрт шықты. Баллон көлемі 10 литр болған. Үйдің дәлізінде тұрмыстық заттар мен жиһаз жанып, от кейін шатырдың ағаш конструкцияларына таралған," – деп хабарлады ТЖД.

Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде ауыздықтады. Оқиға орнына 9 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылған. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметіне сәйкес, оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. 1970 және 1972 жылы туған екі әйел түрлі дәрежедегі күйік алған, сондай-ақ 32 жастағы ер адам қолынан жарақат алған. Барлық зардап шеккендер Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.