Оқушы қызды қатарластары соққыға жығып, қабырғасын сындырған
Жуырда Алматыдағы саябақта жасөспірімдер қыз баланы топ болып ұрып, қабырғасын сындырған. Полиция төбелескендерді тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Криминал Қазақстан» Telegram арнасында жасөспірім қыз баланы қатарластары топ болып, ұрып-соғып жатқан видео пайда болды.
Мәліметке сәйкес, жәбірленушінің қабырғалары сынып, миы шайқалған.
Алматы полиция департаменті қазірдің өзінде Жетісу ауданында болған төбелеске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Қаз
Рус






