Тісін емдеп жатқан дәрігердің қолын тістеп алған: баланың тыныс алу жолына ине түсіп кеткен

1 608

Фото: otyrar.kzТүркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігер-эндоскописы Бабур Рахманкулов балалардың тамағына, тыныс алу жолдарына бөгде зат түсіп кететін оқиға соңғы кезде жиі болып жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.


Оның сөзінше, балалардың өкпесінен, тыныс алу жолынан және асқазанынан түрлі бөгде заттар алынып жатады. Тіпті мұның ішінде стоматологиялық ине де бар екен. 

"Бізге тіс дәрігерінің айтуы бойынша тістің жүйкесін алып жатқан кезде бала оның қолын тістеп алған. Сол кезде байқаусызда стоматолог инені жіберіп қойған. Сол кезде ол баланың тыныс алу жолына өтіп кеткен. Наркозбен баланың өкпесіне зақым келтірмей, инені шығарып бергенбіз", - дейді дәрігер.


Дәрігерлер мұндай оқыс жағдай болса, бірден медициналық мекемеге жүгіну қажет екенін айтты, сонымен қатар, мамандар ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.