Алматы облысында бүтін бір отбасы ажал құшты

404
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Талдықорғаннан 7 шақырым жердегі Еңбек ауылында болған. Қайтыс болған төрт адам бір отбасының мүшелері,- деп хабарлайды Opennews.kz  акқпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Марқұмдардың денелерін жергілікті тұрғындар таптқан.

2 ақпан күні полициядан Еңбек ауылынан төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті. Анықталғандай, көз жұмған 4 адамның екеуі бала. Алдын ала болжам бойынша, бұл кісілер 2-3 күн бұрын қайтыс болған,— деді Алматы облысы ТЖД-нің ресми өкілі Азамат Жұртбаев

Бүтін бір отбасының өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.