Ақтөбе облысында 110 гектар жер өртенді
Ақтөбе облысындағы екі ауданда орман мен далалық 110 гектар жер өртенді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпара агенттігі.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 қыркүйек күні сағат 15:39-да тіркелді. Хабарламада Қобда ауданы, Суғала ауылдық округі Көк үй ауылы маңындағы далалықта 40 га құрғақ шөп және Қобда орман шарушалығына тиесілі 10 гектар орман екпесі өртенгені айтылған. Шақырту орнында бірнеше қызметкер мен техника жіберіліп, өрт сөндірілді.
Сондай-ақ 15 қыркүйек күні сағат 18:15-те Мәртөк ауданы, Родниковка ауылдық округі дала алқабында ашық алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 01:55-те шектеліп, 02:30-да сөндірілді. Жалпы аумағы 110 гектарды құрап отыр.
Тағы да оқыңыздар
