Украинадағы үнді студенттері Қазақстанға ауыстырылуы мүмкін

216

Бұл туралы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үндістан сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхимен кездесу барысында айтты деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Ажар Ғиният

Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы перспективалы бағыттар бойынша, атап айтқанда, Қазақстан аумағында фармацевтикалық өндірісті оқшаулау бойынша серіктестікті жандандыруға өзара қызығушылық танытты.




«Қазақстанда фармацевтикалық нарықтағы отандық өндіріс үлесін 2025 жылға дейін 50 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оффтейк-келісімшарттар тиімді құралдардың бірі және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау үшін елеулі ынталандыру болып саналады», – деді Ажар Ғиният.

Кездесу соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы әріптестік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.