Талибанның жүздеген содыры Панжерге бет алды

283
"Талибан" қозғалысының өкілі (Қазақстанда террористік деп танылып, тыйым салынған) оның жүздеген содыры Панжерге аттанғанын мәлімдеді. Панжер - Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы басып алмаған жалғыз провинция.

"Жергілікті шенеуніктер бейбіт жолмен берілуден бас тартқан соң, Ислам Әмірлігінің жүздеген моджахеді Панжер провинциясын басып алуға аттанды", - деді "Талибан" өкілі.

Бұған дейін Панжердегі қарсылық тобының жетекшісі Ахмад Масуд провинцияны "Талибан" қозғалысы билігіне беруден бас тартқан. Оның айтуынша, көтерілісшілер радикалдарға қарсы тұруға ниетті. Ол осыған дейін "Талибан" өкілдері келіссөз жүргізуден бас тартқанын айтқан болатын. Масуд, егер "Талибан" халықты билікті мойындауға мәжбүрлейтін болса, онда олар ұзақ уақыт билікте қала алмайтынына сенім білдірді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.