Телефондағы мемлекеттік жүйе арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады

1 380

Фото: istockphoto.comҚазақстанда телефондағы мемлекеттік жүйе арқылы азаматтардың несие тарихы қадағаланбақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы eGov мобильді қосымшасында "Несие және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық” қызметі іске қосылағанын мәлімдеді.



“Бұл қызмет "Мемлекеттік несие бюросы" АҚ мәліметтері бойынша ақпарат беретін "Несие беру" және "Сақтандыру" деген екі бөлімнен тұрады. "Несие беру" бөлімінде пайдаланушыға соңғы бес жылдағы несие тарихы туралы есеп, белсенді несиелік міндеттемелер туралы ақпарат және скорингтік балл (пайдаланушының несиелік қабілеттілік деңгейінің көрсеткіші) ұсынылады”, – делінген хабарламада.

Деректерге сәйкес, “Сақтандыру" бөлімінен бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ бонус-малус класы туралы ақпарат табуға болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.