8-сынып оқушысы Сырдария өзеніне батып кетті

238

Қызылордада 8-сынып оқушысы өзеннен өлі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл оқиға 14 мамырда болған. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің айтуынша, жедел құтқару жасағының өкілдері хабарлама бойынша Сырдария өзенінен марқұмның денесін тапты.


"Мән-жайды тексеру барысында 8-сынып оқушысының белгіленбеген жерде суға түскені анықталды", - деді басқарма бастығы Жасұлан Түйменов.


Былтыр ғана облыс орталығында 12 адам осындай жағдайда көз жұмса, соның тең жартысы - бала.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.