БҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды

201

Фото: Рolisia.kz.Батыс Қазақстанда бір күнде екі жол көлік-оқиғасы болды. Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 31 тамызда таңғы сағат 06.00 шамасында Озинки – Орал автожолының 10-шақырымында болды. 34 жастағы жүргізуші Ford Fusion жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай 40 жастағы азаматты қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Екінші оқиға сол күні сағат 07.55 шамасында Самара – Шымкент автожолының 446 км-де орын алды. 46 жастағы жүргізуші Daewoo Matiz көлігін жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 46 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Сонымен қатар 1984 жылғы азаматша мен кәмелеттік жасқа толмаған 11 жастағы жасөспірім түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.