Ер адам кішкентай балаларын аяусыз тепкілеген
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы тұрғынының балаларды қатігездікпен ұрып жатқан видеосы тарады. Жергілікті полиция осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, оқиға Түркістан облысының Сайрам ауданында болған. Кадрдан ер адамның 4-5 жастағы баланы теуіп жатқанын байқауға болады. Жанында осы жас шамалас қыз да бар.
Белгілі болғандай, Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы істі жеке бақылауына алған.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





