Асабалар ардан безген бе?

1 535
Бүгінде той үстінде түрлі санаға сыйымсыз әрекетке баратын асабалардың саны көбейіп отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Үйлену, шілдехана және тұсау кесер тойлары қазақ өмірінде ерекше орын алатын жиындардың бірі. Жер бесіктен, тал бесікке дейінгі әр белесін  дүркіретіп тойлауға бейім тек қана қазақ халқы. Бұрыңғы қазақ тойлары   салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа сай жүргізілсе, ал бүгінгі қоғамның салтанатты жиындары жұртты күлкіге қарық қылудан бірінен бірі баса озып тұр. 

Қазіргі асабалардың көпшілігі қазақ эстрадасының  әнші, әзілкештерінен тұратыны өтірік емес. Әрине,  танымал тамадалардың бірі  тойыңызды жүргізгені  ағайын алдында абыройыңызды үстемелейтіні тағы бар.  Мысалға, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың өзі бір тойды басқару үшін - 15 000 АҚШ долларын алса, ал атышулы Тука – 1 550 000 теңгеге тойыңызды тиісті дәрежеде өткізеді десек, өзіміздің қызылордалық әзілкеш Қанат Әлжаппаровты той төрінен көргіңіз келсе -  550 000 теңге төлем ақысы мен  ұшып келуі және кетуі сіздің мойныңызда. 

Өмір бойы жиған тергенін тойға шашудан тайынбайтын қазекең үшін бұл қаражаттың да құны болмай, бәсеке белесінен көрінудің бір түрі болып отыр.  «Көрпеңе қарай көсіл» демекші, алайда көп жерде ел жұрттан қалыспаймыз деп қалтамыздың жұқалығын ескермей жатамыз. Дегенмен, танымал асабалар салтанатты тойларыңызды әдемі жүргізгенімен, мәдениетсіз ойындарымен сынға қалып жатады. Той барысында кештің көркін аша түсемін деп  түрлі ұятты, мағынасыз  ойындарын ойнатып жатады. Мысалға, Қызылорда қаласының танымал әрі қолжетімді   жас асабалардың  бірі Нариман Саттаев.


 «Қазіргі той, томалақтарда бей-берекетіз ойын түрлері  көбейіп кеткен. Тойды қызықты ету үшін түрлі ойындар ойнатынқанымен, бұдан былай тек мағыналы, түсінікті ойын түрлерін ұсынса жақсы болар еді. Шыны керек қарауға ұялатын іс-қимылдар көбейіп барады. Ал тойға бала-шағада еріп баратынын ескерген дұрыс болар», - деді қала тұрғыны Эльмира Жақсыбекқызы.

Сонымен қатар, құрметті қонақтар тізіміне енген егде жастағы азаматтар мен азаматшалардың да  көпшіліктің көзінше  делебелері қозып, ерсі  билері халық арасында  қызу талқыланып жатқан мәселелердің бірі.  


Мысалға,  мына салтанатты кештің бірінде қызыл көйлектегі келіншектің биі расында көзге тұрпайы көрінеді. 

«Өрімдей балдарды жын ұрғандай билетіп, одан қалды егде жасқа келген әйелдерді селкілдеткен асабалар ардан безген бе? Мұсылмандығымызға тән нәрсе ме? Кішкене етек жеңімізді жисақ қайтеді?»,-деді қажы ана Несіпгүл Шахмардан.

АЙБАР