Ақтөбеде оқушы қыз өз анасын өлтірген

677

Фото: pixabay.comАқтөбеде өз анасын өлтірген оқушы қыздың ісі сотқа жолданды. Онымен бірге осы қылмыс үшін колледж студенті де жауап беретін болады, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 


Бұл қанды оқиға осыдан бір жарым ай бұрын болған. Тергеу кезінде оқушы мен студент кінәларын бірден мойындапты. 16 жастағы қыз анасын пышақтап өлтірген соң, жігітімен бірге анасының мәйітін балконға шығарып тастаған. Мәйіт сол жерде бірнеше күн бойы жатыпты.

Анасын өлтірген қыз 16-ға толса да, кешкі мектептің 5-сыныбын ғана биыл бітірген. Бұрын бастауышта оқып, сабағын тастап кеткен екен. Тек былтыр ғана партаға қайта отырған. Жастардың мұндай жауыздыққа не үшін барғанын прокурорлар ашып айтпады.


“16 жастағы қыз бен 19 жастағы жігітке қыздың анасын өлтіргені үшін айыптау актісі жасақталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде айыптаушылар қылмысты жасағаннан бірнеше күн өткеннен кейін ғана хабарлағаны анықталды. Қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді”, – деді Алматы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әсел Өтенова. 


Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 16 жастағы қыздың өз анасын өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.