Шілденің ыстығында жолдар бұзыла бастады

1 515

Фото:ашық дереккөзденҚазақстанда шілдедегі аптап ыстықтың салдарынан республикалық маңызы бар тасжолдар зақымдана бастады, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа температурасының күрт көтерілуінен цемент-бетон жабындары деформацияға ұшыраған. Жол плиталары көтеріліп, бір-бірінен ажырап кеткендіктен, жүргізушілер үшін қауіпті жағдай туындады.

Павлодар – Астана тасжолының 1355-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты бетон жабыны көтеріліп кеткен. Үйлесімді ұқсас жағдай Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағытындағы тасжолда да тіркелді. Оның 712-шақырымында мамандар жол жабынының бұзылғанын анықтап, шұғыл түрде жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, көлік қозғалысына ешқандай шектеу жоқ.

Мамандардың айтуынша, 40 градустық аптапта бетон қатты кеңейіп, ауыр көліктердің салмағы түскен кезде жабында жарықтар мен деформациялар пайда болады. Июль айында мұндай жағдайлар елдің бірнеше өңірінде, яғни жолдың 8 түрлі учаскесінде тіркелген. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта еліміздегі барлық жолдар тұрақты бақылауға алынған. 

 Кепілдік мерзімі аяқталмаған жөнделген учаскелерде анықталған барлық ақауларды мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен жояды. Мұндай жұмыстарға бюджеттен қосымша қаржы жұмсалмайды. Цемент-бетон жабыны плиталарының көтерілуі аномалды жоғары температура кезінде бетонның кеңейіп, ішкі кернеудің пайда болуынан орын алады. Бұндай жағдайлар тек Қазақстанда емес, ыстық климаты бар басқа елдерде де жиі байқалады, -деп түсіндірді «ҚазАвтоЖол» өкілі. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.