Қызылорда тұрғыны үйінің ауласына есірткі еккен

1 223

Фото: Қызылорда облысының полиция департаментіҚызылордада полиция қызметкерлері үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Үйінің ауласына есірткі өсірген 54 жастағы қала тұрғынын Қызылорда полицейлері жедел шара барысында ұстады. Тұрғынның үйінен 34 түп сора өсімдігіне ұқсас шөп тәріздес зат дәлелдеме ретінде алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 3,6 келі сора өсімдігі болып шықты.

Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.