Жоғарғы сот іс-материалдар базасына ашық қолжетімділік жабылған

1 507

Фото: Жоғарғы сотПайдаланушылар бұған дейін сот істері базасын еркін қарап, "Сот кабинеті" сайтынан ақпаратты еш тіркеусіз іздей алатын еді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Енді бұл үшін міндетті түрде тіркеліп, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы авторизациядан өту қажет. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғарғы сот мұны қызметтің тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мәжбүрлі шара деп түсіндірді.

"Бұған дейін сервистерге авторизациясыз және шектеусіз қолжетімділік болды. Соның салдарынан жүйеге автоматтандырылған бағдарламалар — яғни роботтар мен сканерлер, соның ішінде зиянкес немесе алаяқтық мақсатта қолданылатын бағдарламалар қосылып, серверге шектен тыс сұраныс жолдады. Бұл инфрақұрылымға үлкен жүктеме түсіріп, жүйені тұрақсыз етті", – делінген хабарламада.

Енді бір пайдаланушыдан минутына ең көбі 5 сұраныс жіберуге шектеу қойылды. Жоғарғы соттың мәліметінше, бұл шаралар барлық азаматқа жүйеге тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп, платформаның тұрақтылығын және жеке деректердің қорғалуын арттыруға мүмкіндік береді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.