Нашақорлар мен жалаңаш ер адамдар тұрғындардың зәресін алды

1 825

Фото: Lada.kzАқтауда тұрғын үйде тәртіп бұзатындар көбейген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


"Ботанический сад" тұрғын үй кешенінің тұрғындары көмек сұрап хабарласқан. Тұрғындардың айтуынша, тәртіп бұзатындар көбейген. Тіпті дәлел ретінде видео және фотолар ұсынған. Пәтер жалдап тұратындар бірі жалаңаш жүрсе, енді бірі ауланы қан-жоса етіп кеткен.


"Полицияға 20-ға жуық арыздандық. Бұл бір жылдан бері болып жатқан нәрсе. Біздің үйде риелторлық компания пәтерлерді жалға береді. Тұрғын үйде сұмдық жайттар болып жатады - есірткі іздеген нашақорлар рәзеткелерді сындыра бастаған. есік алдында адамдар ішіп алып, үнемі төбелес шығарады. Кеше ер адам жалаңаш жүр. Оның артында тағы бір адам пышақпен жүгіріп жүр. Аула қан-жоса болып кетті. Ешқандай нәтиже жоқ. Өзіміз де подъезде жүруге қорқамыз", - дейді тұрғындар. 


 3 желтоқсанда подъезде адамдар пышақтасқан. Тұрғындар оқиға видеосын жіберген.  Полиция департаменті өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.  

"3 желтоқсанда сағат 16.30 шамасында ер адам көмек сұрап, хабарласқан. Оқиға орнына учаскелік инспектор келді. Екі тұрғын мас күйде болғаны және олардың жанжалдасып қалғаны анықталды. Олар бір-біріне арызданбады. 27 және 47 жастағы ер адамдарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.