Ескерту белгісін ескермеген жүргізушінің қателігі 3 адамның өмірін қиды Қоғам 12 тамыз 2022, 15:17 336 Қарағанды облысында қайғылы оқиға болды деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.12 тамыз күні түнгі сағат 2:00 шамасында Ақтоғай ауданында “Балқаш – Гүлшат” тас жолында 65 жастағы Subaru автокөлігінің жүргізушісі жолдағы ескерту белгілерінің барына қарамастан, жолдың жөнделіп жатқан бағытына шығып кетті. Артынша сол жерде жол жөндеумен айналысып жатқан 47 жастағы азаматтың басқаруындағы Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Subaru автокөлігінің жүргізішісі және оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тағы да оқыңыздар Қызылордада «Жұмыс беруші күні» ұйымдастырылды 16 қараша 2022, 17:23171 Жүргізуші куәлігін 1,2 млн теңгеге сатып алмақ болған әйел сан соғып қалды 1 желтоқсан 2022, 11:10259 Кентауда дүкендегі жанжал кісі өліміне алып келді 6 қыркүйек 2022, 18:52227 Қазалы ауданында 120 отбасы баспаналы болды 18 қазан 2024, 10:041 209 Батыстағы митинг: газ құю стансаларының иелері чатта бағаны түсірмейміз деп келіскен 25 ақпан 2022, 13:57399 Балқаш көлінде су деңгейі көтерілді 26 сәуір 2024, 16:121 543