Қазақстан Пәкістанға 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетпек

236

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Фото: скриншот из видео

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.

Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болды, оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды.

27 тамызда Пәкістан премьер-министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.

28 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.