Желтоқсаншы Аманбай Кәнетов: «Негізі Тәуелсіздік күні – 25 қазан»
548
Бүгінде егеменді ел болғанымызға 30 жыл толды. Тәуелсіздік – ел тұғыры демекші, ел болып қалыптасуымызға 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан оқиғасының қатысы бары баршамызға мәлім. Алайда, желтоқсан оқиғасын әркім әр түрлі баяндайды. Осы орайда Желтоқсан оқиғасының куәгері ретінде Аманбай Кәнетов ағамызбен «Opennews.kz» ақпарат агенттігінің тілшілері сұхбаттасып қайтты.
- Аманбай аға, алдымен өзіңіз жайлы таныстырып өтсеңіз?
- Мен Аманбай Кәнетов Дүйсенбайұлы 1963 жылы дүниеге келдім. Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы қосымша әдістемелік оқу орталығында балалармен жұмыс жасаймын. Бүгінде жарыммен 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырмын.
-Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесі. Желтоқсан оқиғасына қатыстыңыз. Сол ызғарлы желтоқсанның куәгері ретінде, оқиғаның қалай болғанын баяндап берсеңіз?
- Тәуелсіздікке 30 жыл, әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл. 1986 жылғы желтоқсан сейсенбі күнге келеді. Түстен кейін 15:30 да Мәскеудегі орталық комитеттен саяси бюрроның мүшесі Г.П.Разумовский бас аяғы 18 минуттың ішінде 25 жыл ширек ғасырдай басқарған Қазақ КСР орталық комитетінің басшысы Д.Қонаевты орнынан алып, Гулянский деген облыстың партия атқару комитетінің бірінші секретары Колбинді әкеліп қойды. Мен сол кезде қазіргі Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында 4 курс студентімін. Кешкі сағат 18:00 де радио да Қоневты алып, орнына Колбинді қойды деген хабарды естідік. Әр кезеңнің өз саясаты бар демекші, ол кезде Горбочевтің өз саясаты бар еді. Яғни «қайта құру» саясаты, ой және сөз еркіндігі. Орталық комитеттің шешіміне наразы екенімізді алаңға барып айту жөнінде ғана ұсыныс болды. Сөйтіп жатақханада студенттер жиналып, Асқар Тоқпановпен тілдестік. Ертеңгі күні не істейміз? деп сұрағанда: «Сабаққа түгелдей барасыңдар» деп қысқа қайырды. Сол кезде студенттердің барлығы гу ете қалған едік.
- Қалай ойлайсыз Желтоқсан оқиғасы өз бағасын ала алды ма?
- Жоқ, біз әлі құлдық санадан шыға алмай келе жатырмыз. Тіліміз әлі бірізділікке түспей келе жатқаны тағы бар. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Сол тәуелсіздіктің туын әрі қарай жоғары желбіретуіміз керек.
Мысалы, біздің қазақтың «духын», рухын алып қойған. Ашаршылық пен репрессияда қаншама қандастарымыздан айырылдық. Орыстандыру да сол кездерде басталды, өйткені сол уақыттарда Алматы да бір ғана қазақ мектебі мен балабақшасы болды. Ал қазіргі таңда жастарға барлық жағдай жасалған. Жалпы біз сотталып ақталған 4 жігітпіз. Бізге арнайы қала орталығынан баннер қойылды. Күнде тексеріп жүрдім, бір күні барсам, баннерді алып тастап басқа баннер қойған екен. Сол кезде лезде облыстық ішкі саясат басқармасына хабарласып, баннердің жоқтығын айттым. Содан кейін қалалық ішкі саясат бөліміне коңырау шалсам, баннердің ауысқандығынан бейхабар болып шықты. Сөйтіп келесі күні барып тексергенде баннердің ілінгеніне көзім жетті. Негізі маған облыстық ішкі саясат басқармасы ауданның жеті жеріне, ал қаланың үш жеріне қоюға уәде берген. Алайда олай болып шыққан жоқ.
Қазіргі таңда біздің қоғамда идеологияның статистикасы төмен түсіп кеткен. Қоғамда әкімшіліктің өзі өз шеңберінде ғана шешім қабылдап отыр, ал қарапайым халықпен ешкім санаспайды. Желтоқсан тек желтоқсан айында ғана ескеріледі. Жалпы желтоқсан айында ғана емес басқа айларда да неге патриоттыққа үгіттемейді халықты.
Қазір барлығы 16 желтоқсанды Тәуелсіздік алған күн деп шатастырып жатады, алайда ол пленум болған күн. Негізі, Тәуелсіздік күні – 25 қазан.

- Осы орайда, Т.Жүргенов өнер академиясының студенттерінен бөлек, басқа оқу орындарының студенттері де сіздермен бірге алаңға шығуға дайын болды ма?
- Иә, басқа оқу орнындағы студенттер «не істеп жатыр?» деген ой болды. Сол күні түнде 4 мемлекеттік университеттердің және жұмысшылардың жатақханаларын аралап, мен, Үсiпхан, Құрманғазы және Батырбек алаңға шығатын студенттерді көріп келдік. Сөйтіп біз 4 жігіт болып бөлініп шығып кеттік. Барлық студенттер бізді қолдап, дем берді. Біз жиналсақ, өз оймызды айтсақ, орталық комитеттің шешімі өзгерер деген ой болды. Сөйтіп ертеңгі күні орталық алаңға бардық. Солай барлығымыз көтеріліп кетіп, Абай көшесінің бойын жағалап, Қыздар институтына барсақ, қыздар жіптей тізіліп тұр екен, алаңға жібермей. Бірінші есік сол маңнан сынды.
- Желтоқсан оқиғасының ең басты ұраны «қазақты тек қазақ ғана билесін» болған екен...
- Сол кезде «қазақ басшы» деп ұрандатқанымыз рас. Бізде талап былай еді: «Қонаев трибунаға шығып, мән-жәйдың бәрін түсіндірсін» деген ой болды. Қонаев зейнеткер болса, онда неге тағы бір зейнеткерді қоймақшы болды. Көшенің барлығын аралап келсек, алаң толықтай қоршалған болды. Тблисиден, Светловскийден, Ташкенттен, Фронзедан 7618 әскер тартылып, толық жасақталды. 10 мыңның үстінде ерікті жасақшылар, 15 БТР, 20 мың үстінде өртке қарсы автокөлік жасақтары келді. Алаңда кемі бір 40 мың адам болды.
- Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың кейінгі өмірлері қалай болды? Осы тізімде сіздер болдыңыздар ма?
- Көтеріліс екі күнге созылды. 17-сі түнде генерал Басаров деп біреу келіп, екі жақты да тоқтатты. 19 желтоқсан күні Алматыда коменданттық сағат жарияланып, Алматыдағы барлық байланыс орталықтары тоқтатылды. Оқиғаға қатысы бар адамдардың бәріне екі сұрақ қойылды. Бірінші сұрақ, «17-18-желтоқсан күні қайда болдың?». Екінші сұрақ, «Алаңға сені кім үгіттеді»? Нәтижесінде 8500 студент жарақат алып, қаншама студент оқуын аяқсыз қалдырды. 99 адам түрлі статьямен сотталды. Біздің сот 13-20 шілде аралығында болып, 80-ге жуық куәгер тартылды. Соттың нәтижесі бойынша Құрманғазы 4 жылға, Бақытбекті 3 жарым жылға, Үсіпхан және маған 3 жыл берді.
- Баршамызға мәлім Желтоқсан оқиғасы туралы айтқанда Тұрар Рысқұловтың есімі егіз ұғымдай жүреді. Сол уақытта Тұрар Рысқұловты танитын ба едіңіз?
- Қалай ойлайсыз Желтоқсан оқиғасы өз бағасын ала алды ма?
- Жоқ, біз әлі құлдық санадан шыға алмай келе жатырмыз. Тіліміз әлі бірізділікке түспей келе жатқаны тағы бар. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Сол тәуелсіздіктің туын әрі қарай жоғары желбіретуіміз керек.
Мысалы, біздің қазақтың «духын», рухын алып қойған. Ашаршылық пен репрессияда қаншама қандастарымыздан айырылдық. Орыстандыру да сол кездерде басталды, өйткені сол уақыттарда Алматы да бір ғана қазақ мектебі мен балабақшасы болды. Ал қазіргі таңда жастарға барлық жағдай жасалған. Жалпы біз сотталып ақталған 4 жігітпіз. Бізге арнайы қала орталығынан баннер қойылды. Күнде тексеріп жүрдім, бір күні барсам, баннерді алып тастап басқа баннер қойған екен. Сол кезде лезде облыстық ішкі саясат басқармасына хабарласып, баннердің жоқтығын айттым. Содан кейін қалалық ішкі саясат бөліміне коңырау шалсам, баннердің ауысқандығынан бейхабар болып шықты. Сөйтіп келесі күні барып тексергенде баннердің ілінгеніне көзім жетті. Негізі маған облыстық ішкі саясат басқармасы ауданның жеті жеріне, ал қаланың үш жеріне қоюға уәде берген. Алайда олай болып шыққан жоқ.
Қазіргі таңда біздің қоғамда идеологияның статистикасы төмен түсіп кеткен. Қоғамда әкімшіліктің өзі өз шеңберінде ғана шешім қабылдап отыр, ал қарапайым халықпен ешкім санаспайды. Желтоқсан тек желтоқсан айында ғана ескеріледі. Жалпы желтоқсан айында ғана емес басқа айларда да неге патриоттыққа үгіттемейді халықты.
Қазір барлығы 16 желтоқсанды Тәуелсіздік алған күн деп шатастырып жатады, алайда ол пленум болған күн. Негізі, Тәуелсіздік күні – 25 қазан.
- Бізге уақыт тауып сұбат бергеніңізге рақмет, аман жүріңіз!