Оқушы қыздар төбелесіп, бір-бірін аяусыз тепкінің астына алған

1 700

Фото: видеодан скриншотМаңғыстау облысындағы елді мекендердің бірінде оқушы қыздар төбелесіп, бір қыз талып қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты редакцияға Маңғыстау облысының полиция департаменті растады.

«Кәмелет жасына толмаған қыздар төбелескен. Полиция оларды ата-аналарымен бірге полицияға бөлімшесіне жеткізді. Балаларының тәрбиесі мен біліміне дұрыс мән бермеген ата-аналар жауапқа тартылды. Төбелеске қатысты іс Кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі комиссияға кетті», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Ал, желіде таралған видеода екі қыз қараңғыда төбелесіп жатқанын көруге болады. Төбелес арасында кішкентай балалар да жүр. Төбелестің ортасында көк киімдегі қыз ақ киімдегі қызды қатты ұрғаны соншалық, қыз бала талып, жерден тұра алмай қалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.