Алматылық жоқ Toyota Camry көлігін сатқан
376

Күдікті 43 жастағы С.есімді ер адам нарық бағасынан төмен бағамен Toyota Camry 40 көлігін “сатқан”. Алаяқтық мақсаттарын жүзеге асыру үшін ер адам бірнеше ұялы телефон қолданған. Ол өзін көлік иесімін, кейін ломбард қызметкерімін немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімін деп таныстырды.
– Ең өтімді көліктердің бірін арзан бағамен сатып алғысы келетіндер көп болды. Келіссөздер барысында алаяқ жәбірленушілерді клиент көп деп түсіндіріп, алдын ала төлем төлеуге асықтырды. Ақша аударған соң қаскөй телефонды өшіріп тастаған. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
