Жасөспірімдер жаңа қауіпті тренд бастады

1 599

Фото: Видеодан скринҚазақстанда жасөспірімдер арасында "карбик" деп аталатын жаңа қауіпті үрдіс кең тарала бастады. Бұл құбылыс автокөлік карбюраторын тазалауға арналған сұйықтықты иіскеу арқылы ес-түсін жоғалту немесе есірткіге ұқсас әсер алу әрекетін қамтиды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мұндай аэрозольді баллондарды табу өте оңай, бағасы да қолжетімді. Оның құрамында ацетон, метил спирті, толуол және көмірсутектер бар. Оны иіскегендер есірткі шеккенге ұқсас әсер алады. Карбюраторларды тазалауға арналған бұл улы заттар тыныс алу жолдары арқылы ағзаға еніп, уландырып, ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін дейді мамандар.

“Бұл зат ең алдымен тыныс алу жүйесіне жүктеме салады. Яғни өкпеге, кейін жүрек-қан тамырлары ауруларына, түрлі астмаға себеп болуы мүмкін – бәрі осыдан зардап шегеді", – дейді балалар психологы Галина Мурзабаева.