Солтүстік Қазақстанда аққу атқан ер адам 3 жылға сотталды
724
Қызыл кітапқа енген құсты атқан Айыртау ауылының тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Ш. есімді ер адам 18-қыркүйек күні орманға аң аулауға шығып, жолай сирек кездесетін аққуды атып алған, деп мәлімдейді СҚО облыстық сотының баспасөз қызметі.Қылмыскердің кінәсі куәгерлердің сөзімен және заттай айғақтармен толық дәлелденген.
"Ш есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеумен түсті. Прокурор сотталушыны 3 жылға бас бостандығын шектеу және 7 жылға дейін аңшылық құқығынан айыруды сұрады", - деп жазылған аудандық соттың хабарламасында.Сотталушының өз қылмысын мойындауы және бұған дейін сотталмағаны ескерілген.
Сот оны 3 жылға дейін бас бостандығынан айырып, 7 жылға дейін аңшылық құқығын шектеген.
Қылмыскер өзі келтірген шығынды толық өтеді. Оның мылтығы да тәркіленген.