Атыраудағы Зинолла Қабдолов атындағы №40 орта мектепте мұғалім сабақ үстінде балаға қол көтерген, - деп Opennews.kz ақпарат агенттігі АқЖайық басылымына сілтеме жасап.
Оқушының анасы Әйгерім Болатқалидің айтуынша, 6 "Д" сыныбында оқитын ұлы Айбат Әли құлағы ауырғанына шағымданып, кезекші мұғалім Әсет Әнуарбекұлы ұрғанын мойындапты. Оның айтуынша, мұғалім сынақ кезінде сыныпқа кіріп, көршісіне бет бұрған баланың бетінен салып қалған.
"Баламның құлағы қызарып, бірнеше сағат ауырды. Кейін мұғалім бала тыныш отырмағасын "жай шапалақпен” ұрғанын айтты", – деді анасы.
Дәрігерлер баланың денесінен көгерген жерді анықтады. Полицияға ата-анасы хабарласып, Қылмыстық кодекстің 140-бабы: "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, қатыгездік көрсету" бойынша шағым түсірген.
"Мұғалім үлкен кісі екен, ұрған соң бала шошып, басын бұра алмай қалды. Егер мұғалім эмоциясын ұстай алмаса, психолог керек", – дейді Әйгерім Болатқали.
Қалалық білім бөлімі әзірге түсініктеме бермеді.