Түзету орталығында маман аутист қызға күш көрсеткені анықталды
Алматыда ерекше балаларға арналған түзету орталықтарының бірінде жанжал шықты. Аутизмге шалдыққан қыздың анасы балаға қатыгездік көрсеткен мұғалімді жазалауды сұрайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматыдағы жекеменшік түзету орталығының мұғалімі балаға агрессия көрсетіп жатқан видеосы тарады. Маман тоғыз жасар Надияға айғайлайды.
Қыз орталыққа сәуірден бері барып жүр. Анасы бір күні баласының қолы көгерген жерлерін көрген. Әйел бірден дабыл қағып, бейнежазбаны беруді сұрады.
Ризвангүл адвокатымен бірге әділдік орнату үшін бірнеше айдан бері құқық қорғау органдарының есігін қағып жүр.
Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ризвангүл Ибраимова қазір баласын үйде оқытып жатыр. Осы оқиғадан кейін ерекше бала мұғалімдермен оқуға қорқады.