17 жасар студент қыз терезеден секіріп кетті

1 600

Фото: kabar.kgАқтөбеде 17 жастағы бойжеткен көп қабатты үйдің шатырынан секіріп көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға орнынан марқұмның соңғы хаты табылған. Бірақ онда не жазылғаны әзірге беймәлім.


Қайғылы оқиға қала шетіндегі ықшам аудандардың бірінде болған. Қыздың биіктен секіргенін көпшілік көрген. Тіпті бейнебақылау камерасына да түсіп қалыпты. Жерге құлап бара жатқанда сол маңнан өтіп бара жатқан оқушы бала да бұл сұмдықты көрген. Өмірден баз кешкен бойжеткен колледж студенті екен. Отбасы осы үйде тұрады. Оның өзіне қол салуына не себеп болғанын тәртіп сақшылары ашып айтпады.


“Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бүгін сағат 14.00-де Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды. Алдын ала тергеуде оның үйдің шатырынан секіргені анықталды. Қыздың соңғы хаты бар,“ - деді  Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.