Көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке ілінді

1 657

Фото: istockphoto.comКөкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


«Сіздің сауалыңызға зорлау дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Күдіктінің кім екені анықталды. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп жауап берді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


Желідегі жазбада оқиға маусымның 20 мен 21 аралығында түнде Көкшетау қаласындағы көңіл көтеру орталығында болған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.