Ақмолада екі қызды зорлаған ер адам 9,5 жылға сотталды

195
Ақмола облысының Астрахан ауданында екі қызды зорлады деген айыппен 27 жастағы тұрғын 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс материалдарына сәйкес, оқиға 4 қаңтарда жеке үйлердің бірінде болған.

«Бірін-бірі танитын жастар жинадып, отырыс өткізген. Алайда алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін достардың бірі екі қызды зорлаған. Қылмыстың дәлелі ретінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, зорлау фактісін растайтын айғақтар, жәбірленушілердің дене жарақаттары ұсынылды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, қыздар келесі күні полицияға шағымданып, зорлаушыға қарсы арыз жазған.

Астрахан полиция бөлімі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Тынымсыз еңбектің нәтижесінде тергеуші Ж. Такенова қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинап, кейіннен сотқа жолдады. 14 қазанда Атбасар аудандық сотының үкімімен қылмыстық іс бойынша күдікті, Астрахан облысының 27 жастағы тұрғыны кінәлі деп танылып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.