Шетелде вакцина салдырған қазақстандықтар вакцинация төлқұжатын қалай алады

279
Еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтарға вакцинация төлқұжатын қалай алуға болатынын айтты. 

Ведомствоның мәліметінше, егер азамат екпені өзге елде салдырып, оны Қазақстанда ресми тіркегісі келсе, онда ол тіркелген мекенжайы бойынша медициналық ұйымға келіп, вакцина салдырғанын растайтын құжатын ұсынуы керек. Өз кезегінде емхана вакцина салдырғаны туралы деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді. Содан кейін вакцинация паспорты egov-тан көрінетін болады. Еске сала кетсек, бұған дейін Венгрия, Таиланд және Моңғолия, Грузия, Қырғызстан және Молдавия азаматтарының вакцинация құжаттары Қазақстанда жарамды екенін жазған едік. Одан бөлек, аталмыш елдерде де Қазақстанның вакцинация паспорты мойындалатыны хабарланған болатын. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың сөзінше, қазір вакцина паспортын Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері аясында мойындау бойынша келіссөздер жүріп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.