Қызылордада автокөліктегі өрт оқиғасының алдын алуға байланысты іс шара өтті

1 260
Қызылорда қаласы аумағы бойынша 2023 жылдың 2 айында қала көлемінде автокөліктерде 12 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Қызылорда қаласы Полиция басқармасы, Қызылорда волонтерлары еріктілерімен бірлесіп автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


Өрттің шығу себебі – көп жағдайда автокөлік иелерінің өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауын орын алуда. Автокөліктегі электр жабдықтары, жанар-жағар май мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам жанады. Соның нәтижесінде көлік санаулы үш-төрт минуттың ішінде жалынға оранып үлгереді. Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағар май жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы – көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.